Шерзат Полаттың өліміне байланысты бес бап бойынша іс қозғалған

Фото: Gov.kz

16 жасар Шерзат Болаттың ісі бойынша Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Талғар қаласында болған Шерзат Полаттың өліміне қатысты Алматы облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық), 115-бабы (Қорқыту), 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (Қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркеліп, тергеліп жатыр. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеуде», — делінген министрдің жауабында.

Ведомство басшысының дерегінше, қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

Ержан Сәденов тергеу жалғасып жатқанын баса айтты.

«Оның барысында оқиға болған жерде болған басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», — деді Ішкі істер министрі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре