Азамат Токтаубаев 2023 жылдың желтоқсанында ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) күдікті ретінде танылып, Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына қамалған. Артынша жәбірленуші оның қатысы жоғын мәлімдеп, 2024 жылдың ақпанында Токтаубаев үйқамаққа ауыстырылған, деп хабарлайды ozgeris.info.
Тергеу жаз бойы жалғасып, күзде іс әлдеқайда ауыр қылмыс — осы баптың 2-бөлігі бойынша қайта сараланған. Ал 17 қазанда сот Токтаубаевты 7 жылға бас бостандығынан айырды.