Қызылордадағы аэропорт Ресеймен бірге қолдануға берілу жоспарлануда

Ашық НҚА порталында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінің Крайний әуеайлағына/ әуеайлағынан ұшуды (авиатасымалдарды) ұйымдастыру туралы келісім шықты.

Бұл келісімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі осы жылдың 16 мамырына дейін қарастырады.

Әрбір Тарап екінші Тарапқа Крайний әуеайлағына/әуеайлағынан ұшуды (авиатасымалдарды) ұйымдастыру үшін осы келісімде көзделген құқықтарды береді.

Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» ИКАО-ның 11-қосымшасына сәйкес осы Келiсiмнiң қосымшасында көрсетiлген Крайний әуеайлағы ауданының шекарасы шегiнде ӘҚҚ-ны ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктi Ресей Федерациясына бередi.

Осы Келісім оған қол қойылғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кейін уақытша қолданыла бастайды, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және «Байқоңыр» кешенін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей