«Ақ жол» фракциясының депутаттары премьер-министр Бектеновке сауал жолдады. Олар Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік деректердегі айырмашылыққа қатысты үкіметтің ресми ұстанымын білгісі келеді және контрабандамен күрес шараларын қабылдауды сұрайды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Бейсенбаев осы мәселені көтерді. Оның айтуынша, бюджет кірісінің маңызды бөлігін импорттық тауарлардан алынатын ҚҚС құрайды.
«Алайда импорттың едәуір бөлігі Қазақстанға тиісті кедендік рәсімдеусіз (экономикалық контрабанда арқылы) кіріп, ұлттық экономика мен бюджет кірісіне залал келтіруде. Ашық дереккөздерде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Қазақстанға импорттың кедендік статистикасында рекордтық айырмашылық анықталғаны жарияланды (13 млрд 750 млн доллар). Сарапшылардың бағалауынша, «сұр импорт» есебінен Қазақстан бюджетіне түспеген ҚҚС көлемі 1,5 миллиард долларды немесе 850 миллиард теңгені құрайды, кедендік төлемдерді есептемегенде», – деді Ержан Бейсенбаев.
Ол Сауда және интеграция вице-министрінің бұл миллиардтаған айырмашылықты кедендік есепке алу ерекшеліктерімен түсіндіргенін еске салды.
ПІКІР ЖАЗУ