Жаңалықтар

Қазақ жерлеріне қатысты үндеулер жасаған Жансұлу Дархамбаева бас бостандығынан айырылды

Dalanews.kz хабарлауынша, қоғамда қызу талқыланған Жансұлу Дархамбаеваға қатысты сот үкімі жарияланды. Ол әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырды деген айыппен екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Бұған дейін Дархамбаева Ресей президенті Владимир Путинге бағытталған бірнеше видеоүндеу жариялаған болатын. Онда ол “қазақ жерлерін қайтару” туралы талап қойып, тіпті “жер қайтарылмаса — жауап болады” деген қатқыл мәлімдемелер жасаған. Дархамбаеваның айтуынша, Ресей Федерациясының құрамындағы Алтай, Орынбор, Астрахан, Курск, Том, Қорған, Саратов және Новосібір облыстары кезінде “жүз жылға жалға берілген”, және осы мерзім биыл аяқталуы тиіс деп көрсеткен. Бұл іс Ресейлік БАҚ-та да кеңінен талқыланды. Көптеген басылымдар Дархамбаеваны “русофобиялық көзқарастағы тұлға” деп сипаттап, оның сотталуын “ресми ескерту шарасы” немесе “формальды жаза” деп бағалады. Айта кету керек, бұл жағдай екі ел арасындағы сезімтал тарихи тақырыптарға байланысты қоғамдық пікірдің күрделілігін көрсетеді, әрі мемлекетаралық қарым-қатынасқа да әсер етуі мүмкін.
Барлық жаңалық