Шоу-бизнес

"Қалай арыңыз жібереді?": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін айыптағандарға жауап берді

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеймін деп елдің сынына қалды, - деп жазады ozgeris.info сайты. Оқырмандарының қызу талқысына Қайрат Нұртастың әйелінің қысқа белдемшесі себеп болған. "Осылай қысқа киінуге қалай арыңыз жібереді?", "Еп-ерсі енді осы жерің, төрт баланың анасысың ғой, етегіңді ұзартшайшы", "Кішкене ұят сияқты к*т ашып жүрген. Негізі скромность болған жақсы сияқты", - деп жазды желі қолданушылары.  Ал Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынағандарды жауапсыз қалдырмады.
"Ар деген ұғымның пәлсапасын киім үлгісімен өлшейтін болсаңыз, қиын болыпты. Төрт бала тудым деп, өз-өзіме үкім шығаратын - ол, мен емес! Адамның киіміне қарап тон пішетіндер тым көп керек. Белден төмен темаға жоламайық, ұят болды", - деді акртиса.
Барлық жаңалық