«18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған. Дәрігерлер оған оң жақ төменгі аяқ-қолын термиялық күйік, денесінің оң жақ жартысы, оң жақ жоғарғы жағы III-IV дәрежелі яғни 50 пайыз күйік диагнозын қойды. Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған, II-III дәрежелі травматикалық шок алған. Қазір зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.
”ozgeris.info” порталы