Нығматулин Атырау арқылы Бакуге ұшып кеткен

Фото: kaztag.kz

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін наурыздың ортасында Қазақстаннан ұшып кетті, деп хабарлайды «ozgeris.info» «ҚазТАГ» агентігіне сілтеме жасап. 

Н. Нығматулин Нұр-Сұлтаннан Атырауға жеке ұшақпен барып, сол жерден «Comlux» компаниясының ұшағына мініп, Баку қаласына бет алған.

Нығматулиннің елден осындай оғаш жолмен кетіп қалуы экс-спикердің ізін жасырмақ болғанын көрсетуі мүмкін.

Ғаламтордан және дереккөзден белгілі болғандай, Нығматулиндер отбасының жеке ұшағы бар және ол онымен Дубайға, тіпті Лондонға да оңай ұша алатын.

Алайда, оның айтуынша, Нығматулин осындай күрделі бағытты өзі тандаған. Алдымен Атырауды, кейін Бакуді таңдаған. Кейін Әзірбайжан астанасынан кез келген елге, бәлкім, басқа төлқұжатпен ұшуға мүмкіндік болатындай істеген.

Бұған дейін Telegram арналарында Нығматулиннің қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын, бірақ ол расталмады. Шекара қызметінің базасында Нұрлан Нығматулин мен оның егізі Ерланға қатысты шектеу белгіленбеген.

 

 «ozgeris.info»