«Мықты бала»: Қозыны 30 рет көтерген 4 жастағы маңғыстаулық жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында  Наурызға арналған іс-шарада қозыны 30 рет көтеріп, тұрып-отырған 4 жасар бала жұртты тәнті ентті. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кішкентай Айсұлтан Беріктің қозыны көтерген видеосы желіде тарады. Бұл сайысты тәрбиешілер Наурызға арналған іс-шара аясында ұйымдастырған екен. Желі қолданушылары сәбидің күшіне таңғалды.

Тәрбиеші Гүлнұр Әлиаскарованың айтуынша, мұндай жарыстар жыл сайын өткізіледі. Ал балалар арасында мықты ұлдар көп екен.

«Балалар кішкентай кезінен физикалық белсенділікке үйренген. Олар күнделікті ата-аналарына, ата-әжелеріне мал бағуға көмектеседі. Сондықтан олар үшін мұндай міндет қиын емес. Топтағы Санжар есімді бала ешкіні 35 рет көтерді. Сондай-ақ, балалар атқа мініп, әдеттегідей ауылдағы үлкендерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады», — деді ол.

Баланың мықтылығына желі жұртшылығы тәнті болып түрлі пікір қалдырды.

«Қошақан көтерген қошақан», «Бұл бүлдіршінге күшті сыйлық берілуі керек», “Болашақ палуан”, “Мықты бала”, – деп жазды көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей