Мәдина Сәдуақасова Қайрат Нұртастың туған күніне күйеуі жібермейтінін айтты

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жақын досы, әнші Қайрат Нұртастың туған күніне қатыса алмайтынын айтты. Айтуынша, Мальдив аралдарында өтетін туған күн кешіне күйеуі жібермеген, деп хабарлайды «ozgeris.info» «aikyn.kz»-ке сілтеме жасап.

– Қайроштың туған күні бір ерекше өтеді ғой. Енді бұл жолғы birthday-party Мальдивте болайын деп тұр. Бірақ мен Мальдивтегі 6 күндік тойға шақырту алып тұрып, баратыныма 90% сеніп тұрып, дайындала бастағанымда бармайтын болдым. Не в тему күйеуім жібермеді! Еще қатты тонмен бір-ақ ауыз сөз: Бармайсың! – деп жазды әнші парақшасында.

Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралдарында қарсы алмақ. Тіпті, әнші Мальдив аралдарында онымен бірге 6 күнді өткізгісі келетін достарын шақырып, жанкүйерлерін кештің бағдарламасымен таныстырды. Танысумен басталған кеш, әнге ұласып, квест пен мафия ойындары ойнатылады.

– Құрметті, достар! Алланың жазуымен биыл 33-ке де келіп қалдым. 25 ақпанда реті келген сайын туған күнімді Республика сарайында шығармашылық кеш өткізіп, тыңдармандарымен бірге қарсы алатын едім. Осы жолы туған күнімді Мальдив араларында өткізбекпін. Егер менімен бірге боламын десеңіздер, сіздерді де шақырамын. Мальдив Туры 30 адамға ғана арналған. Ұмытылмас 6 күнді менімен және танымал жұлдыз, блогерлермен қарсы алғыңыз келсе кеш қалып қоймаңыз! Путевканың бағасы жөнінде хабарласыңыз, – делінген Қайрат Нұртастың парақшасында.

 

 «ozgeris.info»