Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт отбасы құндылығы мен бауырлар арасындағы қарым-қатынас туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында бір әкеден туған балалардың аралас-құралас болып, бір-бірін бауыр санап өсуіне ерекше мән беретінін жеткізді. Ол Владимир Рерихтің екі некесінен туған үш баласының бүгінде екі мемлекетте тұратынын айтып, олардың арасындағы туыстық байланысты үзбеуге тырысатынын жазды.
Дана Нұржігіттің сөзінше, Әлімнің әпкесі мен ағасы Берлинде тұрады. Шілде айында Алматыға Берлиннен Евангелина мен Володяның немересі Алика келіп, он күн қонақ болған.
«Ана үшін бір әкеден туғандардың бірін бірі іздеп, бауыр деп тұратын ұрпақ тәрбилеу ең маңызды парыз. Владимир Рерихтің екі некесінен туған үш бала бүгінде екі мемлекетте тұрады. Әлімнің әпкесі мен ағасы Берлинде. Шілдеде Алматыға Берлиннен 10 күнге Геля (Евангелина) әпкеміз бен Володяның немересі Алика қонаққа келді.
Осы басқосуымызды ерекше ықыласпен қабылдап, дәмді тағамдарымен қонақ еткен ORTA мейрамханасына алғысымызды білдіреміз. Қазақтың дастархан дәстүрін көрсетіп, туған-туыстың басын қосқан осындай жылы жүздесулердің орны бөлек», – деп жазды Дана Нұржігіт.
Осылайша тележүргізуші әр мемлекетте өмір сүрсе де, балалардың бір-бірімен туыстық қарым-қатынасын сақтап, бауыр ретінде араласуына жағдай жасаудың маңызды екенін атап өтті. Оның жазбасында отбасы мүшелерінің басын қосып, ағайын арасындағы байланысты үзбеу қазақы тәрбие мен отбасылық құндылықтардың маңызды бөлігі екені көрініс тапқан.