Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық үлкен тойдан түсірілген видеосын жариялап, әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бесінші мәрте ана атанған Жұлдыз мерекелік шарада ашық иықты көңілді бейнесін көрсетіп, бойжеткен қызы Алаумен бірге түскен видеосын көпшілік назарына ұсынды. Кадрда Жұлдыз — қызғылт-сары, Алау — қара түсті кешкі көйлекпен көрінеді. Актриса жазбасында қызына деген сүйіспеншілігін білдіріп:
«Сен – менің айнамсың. Сенің күлкің, мінезің, әдетің маған ұнайды», – деп жазған.
Алайда желі екіге жарылады. Бір тарап олардың сымбатын, жарасымды бейнесін мақтаса, екінші тарап дәл мұндай ашық образды әулеттік жиында кию орынсыз екенін айтып, сынға алды.
Пікір қалдырушылардың кейбірі:
«Әдемі, бірақ әулет арасында омырауды ашу ерсі», «Келін болса да, қыз болса да үлкендердің алдында жинақы киіну керек», «Мұндай көйлекті жастар кешіне кисе жарасар еді, ал туыстар арасында бұл — құрметсіздік», «Қыздың тәрбиесі дұрыс жолда емес сияқты», «Жұлдыздың таңдауы қызына да әсер етіп тұр», «Шешесі де, өзі де тәрбиесіз»,— деп жазып, сын пікірін білдірді.