Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың інісінің тойында оның қайын атасы Нұртас Айдарбеков немерелерімен қауышты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жұлдыздың жалғыз інісі шаңырақ көтеріп, Қайрат Нұртас пен қайын атасы тойда болған еді.
Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында тойдағы видеомен бөлісті.
«Баяғыда немерелерін көріп, әжем айтушы еді, өй тұқымың көбейгірлер деп, сол айтпақшы, немерелер көбейген сайын, Аллаға шүкіршілік айтумен жүрмін. Көз тимесін, амандықтарымен қуандыра берсін!», - деп жазды Нұртас Айдарбеков.
Оған желі қолданушылары ыстық лебізін білдіріп, ерекше қолдау көрсетті.
"Мейірімді, ақжарқын Нұртас аға. Немерелеріңіздің сүйікті атасы болып ұзақ жасаңыз", "Өте әдемі көрініс аман болыңыз! Кішкентайдың бауы берік болсын", "Көкеміз-нағыз ата", - деп жазды оқырмандар.