Шоу-бизнес

"Тең теңімен": Жанболат пен Жазираның болашақ құдаларының кім екені белгілі болды (ФОТО)

"Тең теңімен": Жанболат пен Жазираның болашақ құдаларының кім екені белгілі болды (ФОТО)

Жақында жалғыз ұлдарын үйлендіргелі жатқан танымал әншілер Жанболат пен Жазираның болашақ құдаларының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлеуметтік желі қолданушылары әнші Жазира Байырбекованың бірнеше күн бұрын жариялаған видеосын мұқият зерттеп, кадрлардағы жайттарға назар аудару арқылы жаңа құдалардың кім екенін анықтаған.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, Жанболат пен Жазираның болашақ құдалары — «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің бажасы болып шыққан. Кенжебектің әйелі болашақ келіндерінің әпкесі болып шықты. Бұл туралы желі қолданушысы Ару Кемелбек жазба қалдырған.

Жаңалық көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Пікір білдіргендер : 

«Жанболат пен Жазира кіммен құда болуды біледі», «Бұрын әнші Алтынайдың қызы айтылған еді», «Тең-теңімен деген осы», «Жастарға бақыт тілейміз», «Өте әдемі қыз екен, көз тимесін», деген мазмұндағы ойларын жазып жатыр.

 

Барлық жаңалық