Қазақстанның жаңа өңірі саналатын Ұлытау облысы табыс көлемі бойынша еліміздің бас қалаларын артта қалдырды. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бұл аймақтағы орташа айлық еңбекақы мөлшері 655 995 теңгеге жеткен. Мұндай тосын мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады. Мекеме 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму есебін ұсынған болатын, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Жалпы республика бойынша орташа жалақы 461 486 теңге көлемінде тұрақтап отыр. Ал табысы ең жоғары аймақтардың көшін Маңғыстау облысы бастайды. Ондағы көрсеткіш 659 801 теңгеге тең. Одан кейінгі екінші орынға дәл осы Ұлытау жайғасты. Үздік үштікті 652 950 теңгемен Атырау облысы қорытындылайды.
Еліміздің басты мегаполистері бұл бәсекеде едәуір есе жіберіп алды. Астана қаласындағы орташа еңбекақы 609 725 теңге болса, Алматыда бұл сома 574 162 теңгені құрайды. Шымкент қаласы тіпті төменгі сатыда көрінді. Оңтүстік шаһардағы жалақы деңгейі небәрі 350 374 теңге.
Өңірдегі мұндай жоғары табыс тау-кен металлургия кешенінің қарқынды жұмысымен тікелей байланысты. Аймақтағы ең үлкен жұмыс беруші "Қазақмыс" корпорациясы болып саналады. Алып кәсіпорынның өндірістік жобалары мен жалақыны үнемі индекстеу саясаты өз жемісін беруде. Осындай қолдаудың арқасында облысқа білікті мамандар көптеп тартылып жатыр. Нәтижесінде Ұлытау ірі мегаполистер мен мұнайлы аймақтарға нағыз бәсекелес бола алды.