Жаңалықтар

«Ресми табыстады»: Тоқаев белгілі әншіні арнайы құттықтаған

«Ресми табыстады»: Тоқаев белгілі әншіні арнайы құттықтаған

Әнші Тамара Асар желідегі парақшасында Президенттен құттықтау алғанын айтты, деп жазады ozgeris.info сайты.

Депутаттыққа үміткер болып жатқан әнші қуанышын оқырмандарынан жасырып қалмады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚ: Саясаттағы шоу-бизнес: Аша Матай мен Тамара Асардың кандидатурасы туралы толығырақ

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арнайы құттықтау хаттамасын алдым. 
Маған ресми түрде Алматы әкімдігі, атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет пен қабылдау болды, рақмет.

Шын жүректен өз атымнан және отбасымның атынан қуанышымды бөлісе отырып, Президентке рақмет айтамын.

Ардақты АҒАЙЫН!!! Кеше түннен бастап,гүлге оранып, сыйлықтар алып, ыстық тілектердің лек-легімен қабылдау үстіндемін!!! Тілектес болып құттықтап жатқан баршаңызға рақмет", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Тамара Асардың саясатқа араласуы көптің талқысына түскен еді. 

Барлық жаңалық