Шоу-бизнес

"Құдағиыма рақмет": Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

"Құдағиыма рақмет": Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Танымал актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы әлеуметтік желіде құдағиі Гүлзира Айдарбековаға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол жұлдызды құдағиінің шаңырағында қонақта болып, шапан жабылған әсерлі сәтті көпшілікпен бөлісті.

Жазбасында құдағиының сыйлығына алғыс айтып, жылы лебізін жеткізген.

Желі қолданушылары қос әулеттің ата-аналары арасындағы сыйластықты жоғары бағалап, ақжарма тілектерін жаудырды.

«Құдағи болса – осындай болсын», «Сыйластықтарыңыз баянды болсын», «Жұлдыздай ақылды, көркем мінезді қыз тәрбиелегеніңіз үшін алғыс», «Гүлзира ханым – парасатты да мықты ана» сынды пікірлер желіде жиі кездесуде.

Барлық жаңалық