Шоу-бизнес

«Қорлағаны үшін»: Динара Сәтжан Бағдагүл емшіні тағы бір сотта жеңіп шықты

«Қорлағаны үшін»: Динара Сәтжан Бағдагүл емшіні тағы бір сотта жеңіп шықты

Тележүргізуші Динара Сатжан ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесовамен сот дауына қатысты тағы бір процесте жеңіске жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл жолы Лепесова журналисті қорлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оның әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылық деп бағалаған.

«Бағдагүлдің бізді қорлағаны туралы іс бойынша сотта жеңіске жеттік. Егер сізді біреу қорласа, оны нотариус арқылы ресми түрде тіркеп, сотқа жүгініңіз», — деп жазды Динара Сатжан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда сот шешіміне сәйкес, Лепесова рақымшылыққа байланысты негізгі жаза — 30 АЕК көлеміндегі айыппұлды төлеуден босатылған.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл Лепесоваға қатысты тағы бір сот процесі өткен. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жала жабуға қатысты бабымен кінәлі деп танылып, 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

Осылайша, Динара Сатжан мен ақтөбелік емші арасындағы сот дауы бойынша тағы бір шешім шықты.

Барлық жаңалық