Біз Макронды Астанада тағы көріп қалуымыз ғажап емес. Чехия Оңтүстік Кореяға «төрт реактор салып бер» деген тапсырыс берді.
💰 Экономика
"Қазақстан Швейцариядағы АЭС-терге уран жеткізетін болады": Экономист сүйінші жаңалықпен бөлісті
19.02.2025
416
Енді Қазақстан Швейцариядағы АЭС-терге уран жеткізетін болады. Бұғанға дейін мұндай контракт бізде ешқашан болмаған деп сүйіншіледі экономист Айбар Олжаев. Уран оксиді қазақ халқының болашағына айналды.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және швейцариялық Axpo Power AG компаниясы Kernkraftwerk Leibstadt компаниясымен бірлесіп Швейцариядағы Бецнау және Лейбштадт атом электр станциялары үшін қазақстандық табиғи уран концентраттарын жеткізу жөніндегі алғашқы келісімшартқа қол қойды.
Осы арқылы біз Еуропа нарығындағы жоғала бастаған позициямызды нығайтуға көштік. Әрине, Еуропада атом бойынша негізгі әріптесіміз Франция болып келді және болып қала береді. Бірақ осы тізбекке Швейцария да сыналап енгісі келеді.
2024 жылы еліміз 23,27 мың тонна уран өндірді. Экспортқа 16,67 мың тонна уран оксидін саттық. Біздің экспорттық контракттар ұзақмерзімді болғандықтан орта есеппен уран фунтына 69,72 долларға сатылды. Демек тоннасына 139,4 мың доллар. Бұл 2,32 млрд доллар немесе бүгінгі курспен 1,16 триллион теңге. Бір сөзбен айтқанда, бізге уран өндірісі бір жылда осындай жалпы түсім алып келеді. Осы түсімді екі еселеп, таза табысты көбейту жоспары бар.
Осы кезде споттық нарықта уран оксидінің фунты 80 доллардан асып тұрды. Бірақ біз секілді ірі өндірушіге ұзақмерзімді тұрақты келісім-шарт аясында жұмыс істеген тиімді.
Әлемде АЭС-тер көбейе беретін болады. Еуропадағы, Азиядағы мемлекеттер жаңа реакторлар санын арттыруды жоспарлап отыр. Қытай 56 реактор жүргізіп отыр. Кемінде тағы 20 қосары анық. Осының барлығы қазақтың уран отынымен жұмыс істеуде.
Франция біз күткендей алдағы 10 жылға арналған жаңа энергетикалық жоспарды бекітті. Онда атом энергетикасына негізгі рөл берілген. Алты жаңа EPR2 реакторын салу және қосымша сегіз реактор салу мүмкіндігі қарастырылған, сондай-ақ қолданыстағы АЭС-тердің қызмет ету мерзімін 50–60 жылға дейін ұзарту көзделген. Және Нигер уранынан қазақ уранына көшу бойынша шешім қабылданған сияқты.
Қазақстан атомның толық циклына ие болуы үшін бір ғана пазл жетпей тұр. Бізде тек уранды байыту циклы жоқ. Мемлекетіміз ядролық қаруды таратпау келісіміне қол қойғандықтан, өз бетімізше уранды байыта алмаймыз. Әрине, оған техникалық және кадрлық мүмкіндігіміз жетеді, тек халықаралық қауымдастықтың бізге деген көзқарасы мен күдігі көбейіп кетері рас. Сондықтан Ресейде байытып алып, одан Өскеменде уран таблеткаларын (отын кешені) құрастырамыз.
Осы уран таблеткаларымен айналысу бізге ұзаққа созылатын перспектива ашып отыр. Себебі оған деген сұраныс жыл сайын артуда. Шетел инвестицияларын осы атом кешеніне тартуға болады. Жаңа торийлік, натрийлік реакторлар бойынша тәжірибе жасап жатқан елдер көшінен қалмауымыз керек деді сарапшы.
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады10:16, 06 маусым 2026
-
Қызылорда облысында қыз баланың өлі денесі табылды09:03, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
“Тұрсынбек алып беруге жарамаған”: Мөлдір Мұқанова көлікті болды11:48, 06 маусым 2026
-
Қызылорда облысында қыз баланың өлі денесі табылды09:03, 06 маусым 2026
-
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты мәлімдеме жасады10:16, 06 маусым 2026
-
Президент Швеция Короліне жеделхат жолдады11:39, 06 маусым 2026
-
20 жас - 6,67 млн теңге: БЖЗҚ жариялаған шек жұртты шошытты12:46, 06 маусым 2026
-
-
-
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-