💰 Экономика

Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 6,2%-ға өсті

Бүгін Қазақстан Үкіметінде Премьер Бектеновтың қатысуымен Министрлер Кабинеті басшылығының брифингі өтуде деп хабарлайды ozgeris.info сайты.


2025 жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 6,2% өсімді көрсетіп, оң динамика сақталып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

 

Аталған көрсеткіш жыл басынан бергі бес аймен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары және соңғы 14 жыл ішіндегі ең жоғары ЖІӨ өсімі болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың осы кезеңінде өсім 3,2% деңгейінде болған еді.

 

Экономикалық өсімге нақты сектордың 8%-ға, ал қызмет көрсету саласының 5,2%-ға артуы айтарлықтай ықпал етті. Әсіресе көлік саласы (+22,7%) мен құрылыс (+18,4%) ерекше үлес қосты. Сонымен қатар, сауда саласындағы жандану мен тау-кен өнеркәсібіндегі тұрақты өсім (+8,4%) де жалпы нәтижеге оң әсер етті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5%-ға, ауыл шаруашылығы 3,7%-ға ұлғайды.

Барлық жаңалық