Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлын үйлендіріп, келін түсірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тойдағы шай құю кезінде көпшіліктің назары жас келінге ауды.
Желі қолданушылары келіннің орамалсыз шай құйғанына назар аударып, бұл әрекетке қатысты түрлі пікір білдіріп, кейбірі сынға алуда.
"Орамалы жоқ қандай келін", "Шашын жалбыратып сәлем салғаны несі", "Ақ орамал тағып құймай ма, жалбыратпай", "Шайды да сол қолымен беріп жүр", "Бір көрегенді кісі табылмады ма орамал таққызатын", "Басында ақ жаулығы жоқ қандай сәлем?", "Тамара ханым сіз салт дәстүрді жақсы білесіз , неге түсіндірмедіңіз осыны", "Салт-дәстүрді ұстандың ба, ендеше дәстүрден ауытқымай жасау керек, заманауи деп жүріп салтымыздан айрылып қаламыз", - деп жазды оқырмандар.