Динара Сәтжан кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің туған күніне арнайы барғанын айтып, ақ тілегін арнады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Отбасымыздың жақын досы Тұрсын небәрі 57 жаста!
Меніңше, бұл – керемет жас. Өйткені бұл кезеңде өмірде көп нәрсе қалыптасып үлгереді: сүйікті ісің, сүйікті жарың, отбасың, балаларың, шынайы достарың, мүмкіндіктерің бар. Ең бастысы – өмір сүруге деген үлкен құлшыныс бар.
Қызықты өмір сүру. Өмірден ләззат алу. Бар күш-қуатыңмен өмір сүру!
Алда әлі талай жаңа зауыт, саяхат, тың идея, әдемі жобалар, отбасылық мерекелер және көзден жас шыққанша күлетін қуанышты сәттер көп болсын.
Әр туған күніңіз дәл осындай көңілді де жылы өтсін! Өміріңіздің жаңа жылы құтты болсын! Бұл жыл бақытқа, жарқын сәттерге толы болып, шын мәнінде өзіңізге арналған ерекше жыл болсын!!!", деп тілектестік білдірді Динара Сәтжан.