Қоғам

«Кредитке той жасауды тоқтатайық»: Жұлдыз Әбдікәрімова қарыз туралы айтты

«Кредитке той жасауды тоқтатайық»: Жұлдыз Әбдікәрімова қарыз туралы айтты

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көпшілікке қарыздан құтылудың жолын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол желідегі оқырмандарының сұрағына жауап беріп, қарыз тақырыбына қатысты пікір білдірді.

«Расында, ауыр тақырып. Кімнің сөзі екені есімде жоқ «Қарыз сұрамада күліп барып, жылап қайтасың!» – дейді. Жетіскеннен сұрамасы анық. Меніңше, қарыз берген адам да, сұраған адам да бірдей қиналады. Ара суып кетеді. Түсінгенім – ақшаға қарап өмір сүру керек. «Көрпеңе қарап көсіл» демей ме?! Болмаған дүниеге рассрочка рәсімдеу, кредитке той жасау деген даңғазалықты қою керек. Аз да болса, сандыққа қаражат сақтап үйрену керек. Дәрі-дәрмекке жететіндей етіп. Қалғаны – бос сандырақ. Бұл дүниеге бос алақанмен келіп, бос алақанмен кетеміз ғой. Сол себепті артық айфонды кредитке алуды да тоқтатайық, ағайын», – деді актриса.

Барлық жаңалық