2026 жылдың қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикасы 3,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш базалық салалардағы тұрақты өсім мен өңдеу секторының жандануының тікелей нәтижесі болып отыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Экономиканың өсуіне серпін берген басты салалар:
-
Құрылыс: 114,5% — сала ең жоғары даму қарқынын көрсетті;
-
Көлік және қоймалау: 112%;
-
Өңдеу өнеркәсібі: 109,9% (өсім 9,9%-ға жеделдеді);
-
Сауда: 105,1%;
-
Ауыл шаруашылығы: 103,6%.
Әсіресе, өңдеу секторындағы көрсеткіштер көңіл қуантады. Мәселен, машина жасау саласы көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын шығару есебінен 23,3%-ға артты. Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,3 есеге өсіп, айтарлықтай секіріс жасады. Сондай-ақ жиһаз жасау (41,7%), фармацевтика (35,2%) және құрылыс материалдары (27,7%) өндірісінде де жоғары көрсеткіштер тіркелді.
Сарапшылардың пікірінше, ЖІӨ құрылымындағы қазіргі өзгерістер ел экономикасында шикізаттық емес сектордың рөлі күшейіп жатқанын дәлелдейді. Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларының басымдыққа ие болуы экономиканың тұрақтылығы мен әртараптандырылуына оң әсерін тигізбек.