Жаңалықтар

"Елден шығарылды деген қыздар ма?" Желіде атышулы жастардың жаңа видеосы тарады

"Елден шығарылды деген қыздар ма?" Желіде атышулы жастардың жаңа видеосы тарады

Әлеуметтік желіде бұған дейін Алматы тұрғындарының шырқын бұзған атышулы жасөспірім қыздардың жаңа бейнежазбасы тарады. Желі қолданушыларының мәліметінше, олар енді елордаға жетіп, Астана қаласының қоғамдық көліктеріндегі жолаушылардың мазасын ала бастаған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жазба авторы оқырмандарға: «Депортацияланған қыздар естеріңізде ме? Жергілікті тұрғындар олардың қазір Астанада жүргенін жазуда. Бұл солар ма, жоқ па?» – деп сауал тастаған.

Тараған бейнежазба қоғамдық көліктің ішінде түсірілген. Кадрда бір топ жасөспірім қыздың өте шулы әрі дөрекі мінез-құлық танытып жатқаны анық байқалады. Тіпті, қызыл көйлек киген қыздардың бірі бейнежазба авторына агрессивті түрде ұмтылып, оған бірнеше рет «Удалитесь» деп айқайлаған.

Жұртшылықтың наразы болуына нақты негіз бар. Өйткені бұған дейін билік өкілдері тәртіп бұзған бұл жасөспірімдерді ел аумағынан шығаруға уәде берген болатын. Алайда олар жазадан сытылып кетіп, жай ғана басқа қалаға қоныс аударған болып шықты. Қарапайым азаматтар мұндай оқиға полицияның қызметіне деген сенімді азайтып, құқық қорғау органдарының беделіне үлкен нұқсан келтіреді деп санайды. Қазіргі уақытта ресми органдар бұл инцидентке қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Барлық жаңалық