💰 Экономика

Бұрын-соңды болмаған дағдарыс күтіп тұр

Бұрын-соңды болмаған дағдарыс күтіп тұр

Халықаралық сарапшылар алдағы айларда жаһандық экономикалық дағдарыс басталуы мүмкін дейді. Олардың болжамынша, бұл құбылыс 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да ауыр соғуы ықтимал, деп жазады Ozgeris.info.

Мамандар бірнеше негізгі факторды атап өтті. АҚШ-та тұрғын үй құрылысына берілетін рұқсаттар күрт азайды. Әлемнің жетекші орталық банктері пайыздық мөлшерлемелерді көтеріп, бизнеске несие беру көлемін шектеп отыр. Бұған қоса АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысы халықаралық нарықтағы тұрақсыздықты күшейтіп отыр.

Moody’s Analytics бас экономисі Марк Занди АҚШ экономикасының рецессияға түсу ықтималдығын «жайсыз жоғары» деп сипаттады. Оның есебі бойынша, алдағы 12 ай ішінде рецессия қаупі 48%-ға жеткен. 

Халықаралық сарапшылардың алдын ала бағалауы бойынша, жаһандық рецессия ықтималдығы 60-80% аралығында. Ал біздің үкімет ықтимал дағдарыс жағдайында банктерді бюджет есебінен қолдауды тоқтатуды көздеп отыр. 

Сарапшылар дамушы елдер үшін дағдарыс зардабы айтарлықтай болатынын айтып, Қазақстанға алдын ала дайындық шараларын күшейтуді ұсынады. Жаһандық рецессияның басталуы бүкіл әлем экономикасына соққы әкелуі мүмкін.

Сондықтан Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты сақтау мен экономиканы қорғау қадамдары қазірден бастап өзекті болып отыр.

Барлық жаңалық