Жаңалықтар

13 жастағы Қазақстандық теннисші Ташкентте алтын медаль жеңіп алды

 13 жастағы Қазақстандық теннисші Ташкентте алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Өзбекстанның үстел теннисінен Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы ірі турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

13 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы қарсылас шақ келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс барысында Бекмұхамбетова алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Финалда теннисшіміз Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 (11:7, 11:3, 11:7) есебімен жеңді.

Бекмұхамбетова әлемдік рейтингіде жетінші орында тұр.




Барлық жаңалық