«Израиль шиеленісті күшейтіп отыр. Халықаралық құқықты құрметтемейді. Осы әрекеті үшін әлемдік қауымдастық алдында жауап береді», – делінген Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.Сонымен бірге, Йемен Сыртқы істер министрлігі Израильдің Құдыстағы әрекеттерін қатаң сынға алды.
«Әл-Ақса мешітінде намаз оқитын адамдарға жасалған шабуылды айыптаймыз. Израиль әлем мұсылмандарының сезімдерімен қауіпті ойын ойнауда», – деп мәлімдеді Йемен СІМ өкілі.Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі де осындай мәлімдеме жасады.
«Біз мұсылмандар киелі жеріндегі зорлық-зомбылықты айыптаймыз және дереу тоқтатуға шақырамыз», – делінген хабарламада.Ирак Израильдің әл-Ақса мешітіндегі бейбіт тұрғындардың өлімі мен жаралануына әкелген әрекеттерін айыптады.
«Израильдің бұл әрекеттері қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін», – деп атап өтті Ирак СІМ.
”ozgeris.info” порталы