13 наурыз, жексенбіге қараған түні Ирактың Эрбил қаласындағы АҚШ нысандарына Иран жарылыс жасады. Ирактың Al Arabiya порталы мәлімдегендей, АҚШ консулдығы маңында зымырандық шабуыл болды. Бірқатар ақпарат құралдары Ирактағы нысанаға алты зымыран атылғанын хабарлады, деп жазады «ozgeris.info» порталы.
Олардың Эрбилдегі Америка Құрама Штаттарының консулдығы мен «Курдистан 24» телестудиясының жанында жарылыс жасағаны белгілі болды. Айта кетейік, қазіргі уақытта консулдық ғимараттар кешені өртке оранып, телестудия редакциясы да қираған. АҚШ-тың Ирактағы әскери әуе базасы да зымыран шабуылына ұшырады.
БАҚ жақын арада АҚШ президенті Джо Байденнің американдықтарға үндеу айтуы мүмкін деп хабарлайды. Бейбіт тұрғындар және АҚШ әскерлері мен елшілігінің қызметкерлері туралы ақпарат жоқ, деп жазады Reuters Күрдістанның денсаулық сақтау министріне, Ирак мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бірқатар БАҚ Иранның Ирактағы американдық нысандарға зымыран шабуылдары генерал Касем Сулейманиді 2020 жылы жою үшін кек алуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, олар Иранның әлемдік мұнай саудасы үшін үлкен маңызы бар Ормуз бұғазын жауып тастауы мүмкін деп хабарлайды. АҚШ Әскери-әуе күштерінің ұшақтары әуеге көтерілді, Тегеранға зымырандық соққылар жасалады деп күтілуде.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ