Жаңалықтар

Гроссмейстер Бибісара Асаубаева қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты

Жақында ғана екінші гроссмейстер атағын иеленген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева елордада өткен шаралардың бірінде қазақ тіліндегі сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Журналистің: «Жарысқа дайындық қалай жүріп жатыр? Қазақ тілінде айтып бере аласыз ба?» — деген сұрағына спортшы: «Кешіріңіз, айта алмаймын», — деп қысқа жауап берген. Айта кетейік, Бибісара — әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның атын шығарып жүрген дарынды спортшы. Ол блиц шахматтан екі мәрте әлем чемпионы атанып (2021, 2022), рапид бойынша күміс жүлде жеңіп алған. Сондай-ақ, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанған және Гиннестің рекордтар кітабына енген ең жас әлем чемпионы ретінде тарихта қалған. Мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.
Барлық жаңалық