Еліміздің үш облысын су басу қаупі төніп тұр

Фото: rutube.ru

Синоптиктер үш облыстың тұрғындарына су басу қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Синоптиктер мәліметінше, Жамбыл облысын алдағы екі күн ішінде су басуы мүмкін.

“Жамбыл облысында 24-25 наурыз аралығында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынға байланысты таулы және тау бөктеріндегі аудандардағы өзенде су деңгейі көтеріліп, су басуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Мамандар Қостанай облысындағы Үй өзенінің су деңгейі күрт көтерілетінін мәлімдеді.

«Ресейдің Троицкий ГРЭС ағындары есебінен өзенге судың жетуіне байланысты Үй ауылында (Қостанай облысы, Федоровский ауданы) су деңгейінің күрт көтерілуі байқалады. Сағат 08:00-де су деңгейі 349 сантиметр, 10:30-да 573 сантиметр болды. Су деңгейінің көтерілуі 224 сантиметр, қауіпті деңгей 800 сантиметр болды», – делінген хабарламада.

Қазгидромет мәліметінше, су деңгейі  одан әрі жоғарылап, қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

Алматы облысында да нөсер жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейі көтеріледі деген болжам бар.

«24-26 наурыз аралығында Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аудандарында нөсер жаңбыр жауады.  Салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін”, – делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…