«Екі баланы да өзі тумағаны белгілі». Баян Мақсатқызының құпиясы ашылды

Коллаж: sn.kz

Аз уақыттың ішінде қос бірдей сәбиін бауырына басқан Баян Мақсатқызының оқиғасына қатысты шындық жария болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы продюсердің тұңғышы Айсауле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Айсауле Бақытбек өз кезегінде Салтанат Берденқызына алғысын жаудырып жатыр. Бұл Баян Алагөзованың қызы Алисаның қырқынан шығару кезіндегі отырыста түсірілген. Белгілі болғандай елге танымал маман құрметті қонақтар қатарынан болып, төрден орын алған.

«Салтанат Берденқызы – анамның арманын орындауға ат салысқан жан. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер», — деді Айсауле Бақытбек.

Бұдан бөлек, Баян Мақсатқызының өзі де маманға алғысына айтып жатқанын байқауға болады. Салтанат Берденқызы болса, Алиса мен Алмаға өз тілегін арнай кетті.

«Негізі төрдегі орын Баянның анасы Гүлжамал ханымдыкі еді. Алайда маған беріп жатыр екен. Бүгін кермет қуаныш. Алиса қызымыз қырқынан шығып жатыр. Алма әкесінен аумайды, сол сияқты кәсіпкер болсын. Алиса анасы сияқты жұлдыз болсын. Екеуі де аман жүрсін», — деді маман.

Ал желі қолданушылары болса, мұның бәрін басынан білгендерін айтты.

«Әрине, ЭКО арқылы суррогат ана туып берді», «Ұлды болсам деп жасатқан шығар», «Енді екі баланы да өзі тумайды ғой», «Салтанат Байқошқарова мықты дәрігер», «Әрине, 50-дегі әйелдің өзі босанбайтыны белгілі, барлығы түсінікті», — деп жазды жұрт. 

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Берденқызы – қазақстандық репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!