Басқару процесіндегі психологиялық білімнің маңызы

Басқару психологиясы — өндірістердегі, корпорациялардағы, фирмалардағы, жалпы ұйымдағы т.с.с. іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейтін сала. Басқару психологиясы іс-әрекетті арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін және еңбектің сапасын көтеруге бағытталған. Бұл сала басқару жүйелеріндегі (мемлекет басқару, ұйым, мекеме, топ, ұжым және т.б.) адамдардың қатынастарына байланысты мәселелерді қарастырады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттарының арасында оқумен қатар университеттеде әртүрлі деңгейдегі көптеген іс-шаралар өтеді. Университет  қаладағы негізгі жоғары оқу орны және әлемдегі ең үздік 150 университеттердің қатарында. Студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар, байқаулар өткізіледі. ҚазҰУ Қазақстандағы психология ғылымының дамуында ерекше орын алатын жоғары оқу орны.

Басқару психологиясы соңғы уақытта практикалық қызметте, оның ішінде өндірісте маңыздырақ бола бастады. Ірі кәсіпорындарға психологтар көптеп қабылдануда, психология саласында өндірістік процеске байланысты зерттеулер мен тәжірибелер көбірек жүргізілуде. Басқару процесінде психологиялық білім ерекше маңызға ие.  Басқару психологиясы ұйымдық және өндірістік психологияның құрамдас бөлігі ретінде жиі жіктеледі. Бұл пәнде жұмыс орнындағы, ұйымдағы немесе компаниядағы топтардың, жеке тұлғалардың қарым-қатынасы зерттеледі. Психологиялық дайындыққа ие бола отырып, дарынды қызметкер өз функцияларын тиімді орындай алады және кәсіпорын жұмысын басқара алады. Бұл саланың мақсаты ұйым менеджерлерінің кез келген ұйымда немесе компанияда болуы мүмкін топтар мен жеке адамдар арасында кең таралған психологиялық үлгілер туралы жақсырақ түсінік алу. Басқару психологиясының көмегімен кез келген басшы ұйымда атқарылып жатқан жұмыстың сапасына немесе қызметтік қатынастарға әсер ететін кез келген заңдылықтың алдын алып, болжай алады. Жеке адамға ұйымға немесе компанияға ұзақ мерзімді перспективада пайда әкелетін әртүрлі әдістерді басқаруға немесе енгізуге көмектеседі. Психологиялық дайындық басшыға қызметкерлермен қарым-қатынас жасауға көмектеседі, ол олардың қажеттіліктері мен белсенділік мотивациясын жақсы түсіне алады. Ол ұжым ішінде де, қызметкерлер арасында да жанжал жағдайларын болдырмайды. Психологиялық білімдерді өндірісті қолайлы жағдайларымен ұштастыра шебер қолдану, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға және пайданың өсуіне әкеледі. Психологиялық дайындық басқарушыға өзін, оның жеке қасиеттерін және қарамағындағыларды жетілдіру үшін қажет.

Психология саласында жеткілікті білімнің болмауы немесе оны тәжірибеде қолданбау, тәжірибесінің жоқтығы басшының өз функцияларын жүзеге асыруына тікелей кедергі болып, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Менеджерлерді даярлауда, немесе біліктілігін арттыруда психологияны зерттеуге және осы білімді тәжірибеде қолдануға ерекше көңіл бөлу керек.

 

Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Жәнібекова Ә.Ә, Әубәкір Г.Р. 1- курс магистранттары.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.