Талдықорған қаласында баланың аяғын, зейнеткер — полиция қызметкері езіп кеткен. Бұл туралы баланың анасы интернет желісінде жариялаған болатын. Ананың айтуынша зейнеткердің ұлы келіп 100 мың теңге бермекші болған.
“Сәлеметсіз бе, мен Нысанбаева Назерке Бағланқызы, 2020 жылы туылған 4 жасар Мұхтар Осман Ілиясұлы баланың анасымын. Кеше, 2024 жылдың 15 мамыры күні сағат 13:15 шамасында, Талдықорған қаласының, Абылайхан көшесі, 293 үй ауласында баламды көлік қағып кетті.
Бала аулада ойнау үшін інісі мен әпкесімен бірге подъезден шықты, 5-6 секундтан кейін олардың артынан ағасы шықты, осы 5-6 секундтың ішінде 194UJB05 нөмірлі «Ауди 100 С4» автокөлігі , бұрынғы полиция қызметкері баламның аяғынан жүріп өтті, ұлым жылап жерге құлап калған болатын, ағасы кіреберістен шығып, Османды көріп, оны көтеріп, баланың аяғына қарап отырған. Үлкен ұлым келіп Османды көлік қағып кеткенін айтты. Інім келіп, баламды дереу ауруханаға апарды. Мен кіттәй ұлыммен үйде қалған болатынмын. 30 минуттан кейін, інім хабарласып, 2 жерден аяқ сынғанын айтып, үйге алып келді. Жұбайым жұмыстан келіп, бұл мәселені тыныш шескіміз келді. Алайда үйімізне зейнеткердің ұлы келіп, 100 мың теңгені алуымызды талап етті. Және бұл істі бәрібір жауып тастайтыеын айтқан болатын.”-, деп бөлісті Нысанбаева Нәзерке.
Ананың тек қорқынышы бұл істі тыныш жауып тастап, заң бұзушы полиция қызметкері өз дегеніне жету.
ПІКІР ЖАЗУ