МАҢЫЗДЫ

Астанада әскери парад басталды

«Қазақ елі» монументі орналасқан Тәуелсіздік алаңында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды, деп хабарлайды ozgeris.info. Парадқа 4000-нан астам әскери қызметкер қатысуда. Даңғыл бойымен 200-ден астам бронетехника жүріп өтеді, ал әуеде 66 ұшу аппараты қалықтайды. Бұл — Қазақстанда 2018 жылдан бері алғаш рет өтіп жатқан әскери парад. Қазір алаңға бес мыңнан астам көрермен жиналды. Парад республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.
Барлық жаңалықтар