Садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Александр Еременко Париж Олимпиадасының 1/32 финалында жекелей сында бақ сынады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Александр Еременко франциялық спортшы Баптист Аддиске қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 2:6 есебімен жеңіліс тапты.
Бүгін тағы бір қазақстандық садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай колумбиялық садақшы Хорхе Энрикеспен шеберлік байқасып, 3:7 есебімен жеңіліп қалды.
Осыған дейін жекелей сында өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Олимпиаданың алғашқы кезеңінде канадалық Эрик Питерстен 4:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының үш жүлдесі бар. Байрақты бәсекенің бірінші күнінде қазақстандық мергендер дуэті Александра Ле мен Ислам Сәтпаев қола медаль иеленген болатын. Сол күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақты. Ал 28 шілдеде тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізді.
ПІКІР ЖАЗУ