АЙГҮЛ ҚҰСПАН: ҚАЛАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ӘСКЕРГЕ БАРМАЙДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан журналист Ерболат Мұхамеджанға берген сұхбатында қаланың балалары әскерге баруға жарамсыз екенін айтты, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.    

«Jibek Joly» арнасындағы «Уәде» бағдарламасында «Қазір армияда кімдер? Әрине, ауылдың балалары. Қаланың балалары бірдеңені сылтауратып бармайтыны рас. Қарагөз қазақтың балалары әртүрлі себептермен ЕНТ тапсыра алмай жүр. Егер біз оларға жағдай туғызатын болсақ, олардың қызығушылығы артар ма еді..»,- деді Парламент мәжілісінің депутаты.

Депутаттың айтуынша әскерге қаланың балалары бармайды және оған түрлі себептер бар. Бастысы жеткіншектер университетке түсуді таңдаса, екінші маңызды себептің бірі — денсаулық мәселесі екен.

«Қазіргі қаланың балалары әскерке дайын емес. Сондай-ақ аурулар жасарып келе жатыр. Диабет, жүректің аурулары, көз аурулары көп кездеседі, сондықтан олардың барғылары келсе де, денсаулықтары мүмкіндік бермейді. Тіпті, қазіргі балалар әскерге баруға қорқады»,- деді депутат.

Алайда, депутат шұғыл әскери қызмет өткен балаларға мемлекет жағдай жасап жатқанын айтады. Бұл ретте, енді сарбаздар жоғарғы оқу орнына ҰБТ тапсырмай түсе алатын көрінеді. Депутаттың айтуы бойынша, 73 университет Қорғаныс министрлігімен осы жоба төңірегінде келісімге келген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…