«Адамға адам керек»: Әйелімен ажырасып кеткен Жігер Ауыпбаев қыз іздеп жүр

Фото: әлеуметтік желі

“Меломен” тобының экс әншісі, шоу-бизнес жұлдызы Жігер Ауыпбаев алғаш рет отбасына қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі отбасылы болып, кейіннен ажырасқанын “1001 түн” бағдарламасында айтып берді.

“Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Қазір басым бос. Жүрегіңнің бос болғаны қандай жақсы деп жүрміз. Бірақ кейін көңілді де алдау үшін адам іздейсің ғой. «Адамға да адам керек» демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрдім. Ол кісімен қарым-қатынасымыз әлі де жалғасып жатыр. Арты жақсы болсын”, – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі атышулы әнінің тарихын да айтып берді.

“Әлеуметтік желіде “Сүймесең, жоғал әрі” деген әнім қатты таралды. Видеоға қар лақтырып, жеке парақшама жүктей қойғаным сол еді. Халық деген іліп әкетті. Мен тек орындаушымын. Авторлары бөлек. Байқағаным, ерлі-зайыптылар ұрысып қалғанда сол әнді қойып, видео жасады. Сол кезде ыңғайсызданып қалғаным бар”, – деп ағынан жарылды әнші.