Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы қалың мал мен мәһр төңірегінде анасымен ой өрбітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ өкілі қалың мал мен мәһрдің біріктіргенін анасына жеткізіп, ойын білмек болды.
“Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһр бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді. Одан кейін екі миллионға көшті. Оған мәһр қосылып еді. Бәрін біріктіргені дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһр де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһрді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын», – деді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.
Сондай-ақ Шымкент өңіріндегі қалыңмал мөлшеріне қатысты да ойын айтты.
“Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһр жоқ. Мәһрі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар”, – деп жауап қатты анасы.
ПІКІР ЖАЗУ