Әзірбайжан ауылында кішкентай бала қоқыстан граната тауып, үйіне әкелген. Жарылыс салдарынан бір отбасының бес мүшесі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Азербайджан.
Әзірбайжанда бала үйіне граната әкеліп, бүкіл отбасы қаза тапты

Оқиға Агджабеди ауданының Хиндарх ауылында болған.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, бала гранатаны отбасы мүшелеріне берген кезде жарылыс механизмі іске қосылған. Нәтижесінде бес адам оқиға орнында көз жұмды, олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар. Тағы екі адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
Әзірбайжанның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиға орнын тексеріп, қажетті процессуалдық шараларды атқаруда.
ПІКІР ЖАЗУ