Танымал тележүргізуші Дина Төлепбергеннің жақында авторлық жобасы жарық көреді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бағдарлама анонсында журналист ата-аналарға балаларынан «Қашан шаңырақ көтересің» деп сұрамауды өтінішін айтып жатады. Журналист бұл секілді сұрақтар баланың жеке шекарасын бұзуға әкелетінін айтты.
Бағдарлама анонсында журналист ата-аналарға балаларынан «Қашан шаңырақ көтересің» деп сұрамау керектігін айтып жатады. Журналист бұл секілді сұрақтар баланың жеке шекарасын бұзуға әкелетінін айтты.
«Қашан тұрмысқа шығасың» деген сұрақты ата-ана балаларыңызға қоймаңыздаршы, деп өтінемін. Өйткені осы сұрақты қойған кезде менің ойымша, қызды бір өгейсіту одан бір құтыла алмағандай «Қашан, қашан» деп мазалау негізінде ол шекараңды аттау», — деді журналист Дина Төлепберген.
Көпшілікке танымал актриса Құралай Анарбекова да дәл осы сұрақты ең көп еститінін жасырмады.
«Қазіргі сәтте тұрмыс құрмағаным да сол себептен шығар. Өйткені мен әр уақытта жұрттарды тыңдаймын. Қазақстанға ең алғаш келгенде «Қашан тұрмысқа шығасың», «Жасың келді ғой» деген сияқты әңгімелер айтқан кезде жүрегіңе тиіп кетеді. «Қой, келесі жылы күйеуге шығайын деп жатырмын» деп айтамын. Бірақ та сол айтқаннан кейін ұйықтай алмаймын», — деді продюсер Құралай Анарбекова.
ПІКІР ЖАЗУ