Спорт

Төрехан Сабырхан Таиландтағы халықаралық турнирде топ жарды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Төрехан Сабырхан (70 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды ozgeris.info. Қазақстандық спортшы финалда өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Айта кетсек, Төрехан жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алған. Төрехан былтыр қараша айында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

АҚПАРАТ SKIFNEWS.KZ ПОРТАЛЫНАН АЛЫНДЫ
Барлық жаңалық