Жаңалықтар

Темірлан Еңсебек ісі бойынша сот бір аптаға шегерілді

QazNews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің адвокаты Ulysmedia-ға 14 ақпанда өтуі тиіс болған сот отырысының кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, сот прокурордың өтініші бойынша 21 ақпанға шегерілген.

Еске сала кетейік, Еңсебекке қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша іс қозғалған. Оны қолдау мақсатында бірнеше белсенді пикет өткізген.

Барлық жаңалық