Талдықорғанда мектеп әжетханасындағы сұмдықтан соң бірнеше адам жұмыстан қуылды

фото: видеодан кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мектеп оқушыларының дәретханадағы ойыны қоғамды дүр сілкіндірді.

Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарады. Видеода жоғары сынып оқушылары бір оқушыны дәретханаға кіргізіп, оны қорлап, былапыт сөздер айтып жатқаны көрінеді. Оқиға Абай атындағы мектепте болғаны хабарланып, ата-аналарға балаларына ерекше бақылау жасау керектігі ескертілді.

Талдықорғанның білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі методисі Ұлжанат Жақұбаеваның айтуынша, дәретханада болған оқиғаға қатысты барлық қатысушылар мен олардың ата-аналары анықталған.

Оқушылармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Барлық тараптардың бір-біріне шағымы жоқ. Қазіргі уақытта ақпарат полиция басқармасына жіберілді, – дейді Ұлжанат Жақұбаева.

Оқиғаға кінәлі оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынғаны белгілі болды.

Талдықорған білім басқармасының басшысы Шынар Шәріпбаеваның мәлімдеуінше, оқиғаға қатысы бар оқушылар есепке алынып, 9-сынып оқушыларымен арнайы әңгіме жүргізілген. Қазіргі уақытта олардың психологиялық жағдайы тұрақты.

Дүйсенбіден бастап сынып жетекшісі мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары жұмыстан кетеді. Ал мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды, – деді Шынар Шәріпбаева.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы