“Күні кеше Шерзаттың отбасымен кездестім. Қаржаудың анасы Гүлбармен кешке келісіп жүздестік. Жиналысқа Шерзаттың әжесі Гүлбар туыс ретінде таныстырған, бейтаныс әйелмен бірге келді. Біз сот жақындап қалған соң, кездесуді шештік. Тиісінше, жәбірленушілерімізді алдағы жауап алуға дайындауымыз керек. Сондай-ақ кейбір нақты жайттарды айтып, іс туралы хабардар етуіміз керек болды. Қаржаумен байланысу мүмкін болмаған соң Гүлбармен тікелей кездесіп, жиында барлығын талқылауға келістік. Біздің тарапымыздан Шерзаттың өліміне қатысты істің куәгері болған Қаржау, Гүлбар және басқа да қатысушылардың келуі қажет екендігі түсіндірілді”, – дейді Айтбек.Айтбектің айтуынша, бұрын марқұм Шерзаттың отбасы сот процесіне қатысқысы келмейтінін айтқан.
“Бұрын отбасы мүшелері сот процесіне физикалық түрде қатысқысы келмейтінін айтқан еді. Менің міндетім сотқа шақыру бойынша не үшін келмегенін нақтылау еді. Сонымен, ақырында, кәдімгі жазба арқылы олармен қоштасқанбыз. Бірақ осы кездесуден кейін, екі сағат өткен соң Қаржау маған хабарлама жазып жіберді. Ол адвокаттардың бәрінен бас тартатынын, басқа қорғаушы жалдайтынын айтқан”, – дейді Айтбек.
Фото: Скрин Instagram Aitym
“Содан кеше ғана жаңа адвокаттарға сенімхат берілді. Іске 5 жаңа адвокат қосылып жатыр деген жаңа хабар келді. Тиісінше, біздің тарапымыздан әрі қарай қатысамыз ба, деген сұрақ туындады. Адвокаттар да отбасымен байланысуға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Сосын біз бұл нәтиже бермейді деп шештік”, – дейді Айтбек Амангелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram