ҰӘҚ(ұлттық әл-ауқат қоры) Самұрық-Қазына активтердің бағасы бірлескен кәсіпорындардағы инвестицияларды қоса алғанда, 19,56 трлн. теңге (ЖІӨ-нің 26%), жылдық айналым ҚҚС-сыз 8,8 трлн. теңге (ЖІӨ-нің 13%).
Жылдық таза пайда 0,42 трлн. теңге (активтер бағасынан 2%, айналымнан 4,7%)
Акционер дивидентері — мемлекеттің 46 млрд. теңге (активтер бағасынан 0,2%, таза пайдадан 11%)
Қарыздар 7,6 трлн. теңге, debt ratio 39%.
Бір жыл үшін КТС төлемі 0,1 трлн. теңге, бюджеттен ҚҚС қайтару 0,13 трлн. теңге, салық қайтарымы 0%.
СК топ-менеджментіне жылына 7,2 млрд.теңге немесе мемлекет дивидендтерінің 15% сыйақы төлеу.
Сонымен қатар шикізаттық емес секторлардан салықтардың жалпы жиынтығы ЖІӨ-нің 14% құрады, мұнай-газ және тау-кен металлургия секторларынан Ұлттық қорға алым ЖІӨ-нің тек 3% немесе жалдамалы қызметкерлердің жалақысынан төленген табыс салығының мөлшерлемелерінен азды құрады.
Естеріңізге сала кетейін, азаматтың жалақысына ауыртпалық 25% (ЖТС, МЗЖ, МӘМС) және штаттық қызметкерлердің жалақысынан 9% әлеуметтік салықты құрайды. 2023 жылдан бастап әлеуметтік салық 11% болады.
Шағын бизнеске оңайлатылған режим бойынша салық ЖК-де 3% бастап заңды тұлғаларға жиынтық айналымнан 6% дейін. ҚҚС төлеушінің ауыртпалығы ЖТС мен әлеуметтік салықты қоса алғанда, айналымның орташа 14-24% құрайды.
Демек, НГС, ТМК, отбасылық банктер және ұлттық компаниялар айналым бойынша ЖІӨ-нің 46% жейді, ал олардың жалпы салық жинауға қосқан үлесі ЖІӨ-нің 16% төмен немесе 2,2% аз. Жаппай салық төлеуші шикізаттық емес салық жинағына 74% немесе 8 трлн. теңге тікелей немесе жанама + 1,8 трлн. теңге БЖЗҚ және ӘМСҚ бюджеттен тыс қорларына (жалпы ЖІӨ-нің 12,8%), ал табыстың үлесі ЖІӨ-нің 54% аз нақты үлес қосады.
Қорытынды:
Олигополиялардың салық ауыртпалығы 4,7%, ал жаппай салық төлеуші айналымнан 23,7% құрайды.
Қолына түскен әр 1000 теңгеден қарапайым халық мемлекетке 237 теңге төлейді. Ал банктер, мұнай, басқа олигархтар әр 1000 теңгеден 47 теңге төлейді. Сондықтан халқымыздың салық ауыртпалығы 5 есе олигархтардаң жоғары.
Айман Тұрсынқан,
экономист.
ПІКІР ЖАЗУ