Зеленский және әлемдік көшбасшылар бейбіт келіссөздерге жол іздеуде
10.05.2025
1032
Украина президенті Владимир Зеленский және Франция, Германия, Польша мен Ұлыбритания басшылары сенбі күні Киевте өткен «қалау білдірушілер коалициясы» аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты «Европейская правда» басылымына сілтеме жасап.
Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигидің айтуынша, тараптар бейбіт келісімге қол жеткізу жолдарын талқылаған. Оның мәлімдеуінше, Украина мен одақтастары дүйсенбіден бастап құрлықта, әуеде және теңізде кемінде 30 күнге атысты толық тоқтатуға дайын.
Сибигидің сөзіне қарағанда, егер Ресей келісіп, бітімді бақылау тиімді жүргізілсе, бұл тұрақты бейбіт келіссөздерге жол ашуы мүмкін.
Киевке сапар алдында Франция, Германия, Польша мен Ұлыбритания басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Ресейді 30 күнге атысты тоқтатуға шақырды. Бұған дейін Трамп та Зеленскиймен әңгімелесу барысында осындай бітімге қолдау білдіріп, егер шарттар бұзылса, АҚШ пен одақтастары жаңа санкциялар енгізетінін ескерткен.
Ал Ресей билігі шетелдік серіктестер Украинаға қару жеткізуді тоқтатпайынша, ұзақ мерзімді бітімге келіспейтінін мәлімдеді.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026