Танымал әнші Жазира Байырбекова тойдан кейінгі отбасындағы қызықты сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол жаңа түскен келіні Асылыға қояр талаптарын айтты.
Сондай-ақ өнер иесі келін алғандағы сезімімен де бөлісті.
"Керемет сезім. Тек Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген ғой. "Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады", - дедім. Біз де, олар да қыдырмпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, 3 тіл біледі одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуінің кәсіптерін істесін деймін. Үйде орамал тақса далаға шығатын кезде басылып қалады. Тақпай-ақ қойсыншы десем папасы жұқа орамал жоқ па? дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең шашың жатып қалатын. Оны қайтадан жуу керек болатын", - деді әнші.
Көпшілік Жазираның бұл жауабына тәнті болды.
"Сіздей ене бұйырсын", "Сіз сияқты ене боламын", "Жарайсың, Жазира", - деп жазды оқырмандар.