Заң мақұлданды: Иракта тоғыз жастағы қызға үйленуге рұқсат
22.01.2025
298
Ирак парламенті балалар некесі туралы заңды мақұлдады. Енді ер адамдар 9 жастағы қызға үйлене алады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Orda.kz - ке сілтеме жасап.
Бұл бастаманы консервативті шиит депутаттары қолдаған. Олардың ойынша, қыздардың ерте тұрмыс құруы әдепсіз іс-әрекетке бармауына, батыстың мәдениетіне ермеуіне септігін тигізеді екен.
Бұған дейін Иракта некеге тұрудың ең төменгі жасы - 18 жас еді. Алайда жаңа түзетулер жас көлемін екі есе қысқартты. Сонымен қатар кейбір діни қызметкерлер дінде қыздарды жасөспірім кезінен немесе тіпті тоғыз жасынан бастап күйеуге беруге рұқсат етілген деп санайды.
Құқық қорғау ұйымдары жеке мәртебе туралы заңға енгізілген түзетулерге қарсы болды. Олар қыздарды ерте жастан құқығынан айырылады деп есептейді. Ал әйелдер қорғаушысынан, асыраушысынан айырылуы мүмкін екен.
Парламент сессиясы даумен аяқталды. Сессияға қатысқан депутаттардың жартысы бұл шешімге қарсы болды.
БҰҰ мәліметтері бойынша, Ирактағы қыздардың 28% - ы кәмелетке толғанға дейін күйеуге шығады. Бұндай неке ата-аналар мен діни қызметкерлердің рұқсатымен, ресми тіркеусіз жасалады.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026