«Ұшқыш маневр жасау арқылы адамдардың өмірін құтқарды. Егер ол болмаса, бәріміз өлетін едік. Ұшақтың артқы бөлігі адамдарға толып қалды», - деп келтірді Субхонкулдың сөзін SHOT-телеграм арнасы.Жолаушының айтуынша, борттағы маскаларда оттегі болмаған. Ол ұшақтың артқы орындығына отырып, басқа маска таққан. Ер адамның қасында отырған барлық адам тірі қалыпты. Ұшақ құлар алдында біраз уақыт әуеде айналып жүрген көрінеді. Субхонкул қазір басы қатты ауыратынын айтты. Ер адам Екатеринбургте тұрады, бір шаруалармен Баку арқылы Грозныйға ұшқан.
«Ұшқыш болмағанда, бәріміз өлетін едік»: Ақтауда апаттан тірі қалған жолаушы ұшақ бортында не болғанын айтып берді
25.12.2024
252
Ақтауда ұшақ апатынан тірі қалған жолаушы оқиғаның алғашқы секундтары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
48 жастағы Субхонкулдың айтуынша, ұшақ Грозный ауданында екі-үш рет қонуға тырысқан, бірақ белгісіз бір себеппен жерге қона алмаған. Кейін ұшақтағы жолаушылар жарылыс даусын естіген, алайда не жарылғанын түсінбеген. Осыдан кейін ұшақ мүлде басқа бағытқа бет алған.
-
Қазақмыс Жамбыл облысында жаңа спорт залдарын іске қосты17:39, 03 апреля 2026
-
Түркістан тұрғыны 800 мың теңгеге 9 ай көтерген сәбиін сатпақ болған17:27, 03 апреля 2026
-
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті17:01, 03 апреля 2026
-
Күндер ауыстырылды: Мамырда ел тұрғындары қанша күн демалады?16:20, 03 апреля 2026
-
KASE-де доллар бағамы 470 теңгеге дейін төмендеді16:12, 03 апреля 2026
-
-
«Қазақмыс әсері»: өңірдегі жалақы неге өсіп жатыр15:36, 03 апреля 2026
-
«Миллиардтар қайтарылды»: Қожамжаровтың інісі мүлкінен айырылды15:26, 03 апреля 2026
-
60 жастан кейін жұмыс істеуге бола ма?15:25, 03 апреля 2026
-
Шымкент тұрғыны кәмпит жеймін деп ажал құша жаздады15:21, 03 апреля 2026